2023 жылдың 26 сәуірінде ӘЖ-11 тобының студенттері «Ұлы Дала» өлкетану үйірмесімен бірге облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Өлкетану мұражайы – туған жердің өткенімен жүздесу сезімі. Мұражай залдарын аралаған студенттер қала тарихының әртүрлі кезеңдеріндегі дамуын баяндайтын жәдігерлерді, суреттерді, қолжазбаларды, заттарды көрді. Мұражайдың әрбір залы өзінің ерекше атмосферасын, бай экспонаттар топтамасын сақтайды. Студенттер «Алаш» қозғалысының тарихынан мол мағлұмат алды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражайлар үлкен рөл атқарады. Өлкетану үйірмесінің жетекшісі Ешенова О.Г.