Заманауи қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық болып табылады. Қаланың жастары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениет пен заңдылықты арттыру мақсатында «Жас заңгерлер достастығы» қоғамдық қоры «Құқықтану» тобының студенттерін командаға шақырады.
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Жас заңгерлер достастығы» ҚҚ-ның маманы Ернар Амангельдиевич СМК мен Innovative College 1-3 курс студенттеріне арналған ұйымның тұсаукесерін өткізді. Студенттер қордың тарихымен және жұмысымен танысты.
Іс-шара барысында интерактивті әдістер мен пайдалы ақпараттар, ұйым туралы видео материалдар көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер болашақ жобалармен және оларды іске асыруымен танысты.