11.01.2018 ж. «Innovative college» мекемесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (10 қаңтар 2018 ж.) атты Қазақстан халқына Жолдауын талдау мақсатында педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңесте Жолдау бойынша директордың оқу – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Әуесова және жалпы білім беретін пәндер оқытушысы А.Ғылымбай баяндама жасады. Соңынан педагогикалық ұжым мүшелері жолдау бөлімдерін талқылады.