Жастар арасындағы құқықбұзушылықтын алдын алу

2018 жылдың 28 наурыз күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеттің қабырғасында, Семей қаласы жастар ресурстық орталығының қолдауымен, Жастар мәслихатының және «Жас заңгерлер достастығы» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқық бұзушылардың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Әуез аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет капитаны Қ.Т. Тулкебаев, ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің инспекторлары, әділет майоры З. Чуйнушева, әділет лейтенанты А. Нурымбеков, ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Орталық аудандық пробация қызметі инспекторы Г. Байдакбаева, және де Семей қаласының ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторы, аға лейтенант З.Жамантаева шақырылды.                                   

Шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей көпсалалы колледжі және “Innovative College” мекемесінің заңгер, құқықтану мамандығының студенттері қатысты. Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, жиналған жастарға құқықтық сауаттылық туралы пайдалы баяндамалар жасады.