2018 жылдың 4-5 сәуір күндері Павлодар қаласында Инновациялық Еуразия университетінің колледжінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының негізі» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары мен студенттерінің II Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Осы Конференцияға колледжіміздің «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Ерназарова Амина (ғылыми жетекшісі – Жексембай М.А.) онлайн режимде қатысып, 3 дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды.