Күндізгі және сырттай бөлім оқушыларының ауыстыру және қалпына келтіру туралы өтініштерін білім беру мекемесінің басшысы жазғы және қысқы каникул мерзімінде келесі академиялық кезең басталғанға дейінгі бес жұмыс күні ішінде қарайды. Сырттай оқу бөлімі оқушыларының ауысу және қалпына келтіру туралы өтініштерін білім беру мекемесінің басшысы білім беру мекемесі қабылдайтын кезекті емтихан сессиясы басталардан бір айдан кем емес мерзім ішінде қарайды.
Оқушылар ауысу немесе қалпына келтірілу кезінде бұрынғы оқылған академиялық кезең ішіндегімен салыстырғандағы оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің академиялық айырмашылықтары есепке алынады.
Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды қабылдайтын білім беру мекемесі оқылған пәндер тізімі негізінде олардың бағдарламаларының академиялық сағаттарының немесе кредиттерінің көлемі негізінде білімін аяқтамаған тұлғаға берілетін анықтама негізінде анықтайды.
Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды жою үшін оқушы осы пәндерге жазылады, академиялық кезең ішінде барлық оқу сабақтарына қатысады, ағымдағы бақылаудың баарлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат алады.
Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі белгіленген мерзім ішінде жойылмаған академиялық айырмашылық бұдан ары қарай қарыз ретінде есепке алынады.
Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асыратын білім беру мекемесінің бір мамандығынан екінші бір мамандығына немесе бір оқу түрінен екінші бір оқу түріне ауыстыру (бұдан әрі – білім беру мекемесі) білім беру мекемесінің басшысының бұйрығы арқылы жүзеге асырылады. Егер де оқушы білім беру мекемесімен білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасқан болса (бұдан әрі – шарт) онда оны бір білім беру мекемесінен екінші бір білім беру мекемесіне ауыстырардан немесе бір мамандықтан екінші бір мамандыққа ауыстырардан бұрын аталған шартқа өзгеріс енгізілуі немесе оның бұзылуы тиіс. Бірінші курс студентін ауыстыруға тек бірінші семестр аяқталғаннан кейін туыстас мамандыққа ғана рұқсат етіледі.
Өзге білім беру мекемесіне ауысқысы келетін оқушы өзі оқитын білім беру мекемесінің басшысына еркін түрде жазбаша өтініш жазады және ауысуға мөмен бекітілген жазбаша келісім алғаннан кейін өзін қызықтыратын білім беру мекемесінің басшысына өтініш жасайды. Қабылдайтын білім беру мекемесінің басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке өзі ауысып келген оқу орынының басшысының мөрімен расталған есеп кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі қоса ұсынылады.
Ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оқушыны қабылдайтын білім беру мекемесінің басшысы оны оқу сабақтарына босату, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы бұйрық шығарады, ол бұрын оқыған білім беру мекемесіне оның жеке бас жұмысын жіберу туралы жазбаша сұраныс жасайды.
Білім беру мекемесінің оқушыларының қатарына қабылдау туралы бұйрық ол бұрын оқыған білім беру мекемесінен оның жеке бас жұмысы алынғаннан кейін шығарылады.
Бұрын білім беру мекемесінде оқыған тұлғалар бұрыын өзі оқыған немесе өзге білім беру мекемесіне қайтадан қалпына келтіріле алады. Қалпына келтірудің міндетті шарты оқушының кемінде бір семестрді аяқтауы болып табылады және қалпына келтіру мәселесі тек оның жеке өтініші негізінде ғана қарастырылады. Оқушыларды бірінші курсқа қайта қабылдауға бірінші семестр аяқталғаннан кейін тиісті және туыстас мамандықтарға жол беріледі.
Ақылы негізде оқитын және семестр барысында оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған оқушылар оқу ақысы бойынша қарыздарын төлеген жағдайда шығарылғаннан кейінгі төрт апта ішінде оқуға қайтадан қабылдану құқығына ие болады, мұнда білім беру мекемесі оқушыны оқу ақысы бойынша қарызын төлегені туралы құжатты ұсынғаннан кейінгі үш күн ішінде қалпына келтіреді.
Бұрын өзге білім беру мекемелерінде оқығандарды қайта қабылдау оқуын аяқтамағандарға берілетін анықтамада көрсетілген оқу пәндерінің қабылдайтын оқу орынының жұмыс оқу жоспары пәндері тізімінен айырмашылығы төрт оқу пәнінен аспаған жағдайда курсы мен мамандығы бойынша тиісті оқу топтары болған жағдайда рұқсат етіледі.
Жұмыс оқу жоспарындағы пәндер мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты білім беру мекемесі басшысының орынбасары белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімі білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Бұрын оқығандарды өзге білім беру мекемесіне қалпына келтірген жағдайда ол бұрын оқыған білім беру мекемесінің басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұранысы негізінде өзінде анықтаманың көшірмесін, есеп кітапшасын және жіберілетін құжаттардың тізімін қалдыра отырып құжаттарын жібереді.
Бұрын оқыған оқушы қайтадан қалпына келтірілуі үшін білім беру мекемесі басшысының атына өтініш жазады, онда өзінің оқуын одан әрі жалғастырғысы келетінін жазып, онымен бірге анықтамасын ұсынады.
Білім беру мекемесі ұсынылған анықтама негізінде қайтадан қалпына келтіру туралы өтінішті берілген мерзімінен бастап екі апта мерзімі ішінде қарауы және пәндер арасындағы айырмашылықты анықтауы тиіс.
Оқудан шығару ережелері
Студентті оқудан шығару процедурасы директордың бұйрығы арқылы жүзеге асырылады.
Студент келесі себептер бойынша оқудан шығарылады:
– студенттің колледж директорының атына жазған өтініші негізінде;
– студенттің шартта көрсетілген оқу ақысын төлеу туралы шарттарды орындамағаны үшін
– оқушы бір колледжден екінші бір колледжге ауысқан кезде
– Колледж Жарғысын, оның ішінде студенттің ар – намыс кодексін бұзған жағдайда
– жасөспірімдер істері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде (кәмелеттік жасқа толмаған студенттер үшін)