Білім беру мекемелерінде мемлекеттік тапсыры бойынша оқитын студенттер жекелеме санаттарға мемлекеттік стипендия төлеу туралы Ережеге сәйкес (ҚР БжҒМ 17.02.2008 жылы 1№ 116 және 8..07.2011 жылы № 815 бұйрығымен бекітілген.) белгілі бір көлемде (ағымдағы жылғы стипендияның көлемі ҚР «Бюджет туралы» заңына сәйкес өзгеруі мүмкін) ай сайын мемлекеттік стипендия тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 1 және 2 курс студенттеріне (11 сыныптан кейінгі) стипендия бірінші семестрде тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге келесі семестрге стипендия сессия емтихандарының нәтижелері шыққаннан кейін тағайындалады ьжәне төленеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге мемлекеттік стипендия барлық оқу түрлері бойынша емтихандарды «үздік» және «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда тағайындалады және келесі айдың бірінші күнінен бастап төлене бастайды.