Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев | |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
- Білім беру ұйымдарына бастауыш (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
- Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдауға квота көзделеді.
- Түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі
- Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Конкурстық комиссияның құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
- Білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
- Білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 5 қыркүйегі аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
- Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3×4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.
“Хореография өнері” мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
- Оқуға түсушілерден түскен өтініштер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
- Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
- Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
1) бастауыш білімі бар (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;
2) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
3) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
4) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
5) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Конкурс білім беру ұйымдары өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып білім беру ұйымдарының басшылары (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен білім беру ұйымдарының интернет ресурстарында орналастырады.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.
Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.
Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және білім беру ұйымидарының интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.
- Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған “3”, “4”, “5” бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: “3” – 8 балға, “4” – 17 балға, “5” – 25 балға алмастырады.
- Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
- Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
- Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес айқындалады.
- Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін шығармашылық емтихандарын тапсырады.
Шығармашылық емтихандар бойынша “қанағаттанарлықсыз” деген баға алған немесе емтиханға ешқандай дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
- Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсырады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес анықталады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және оны оқуға түсушілердің назарына құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірмей жеткізіледі.
- Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.
Арнаулы емтихан “өтті” немесе “өтпеді” деген нысанда бағаланады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
- Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.
- Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
- Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
- Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
- Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
- Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрларды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
- Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар; оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
- Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 1-қосымша |
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды | Мамандықтың атауы | Бейіндік пән атауы | |
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) | Орта білім (жалпы орта) | ||
0100000 –Білім беру | |||
0101000 | Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) | Биология |
0102000 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) | Биология | Биология |
0103000 | Дене тәрбиесі және спорт | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0104000 | Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0105000 | Бастауыш білім беру* | Математика | Математика |
0106000 | Бейнелеу өнері және сызу | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0107000 | Технология | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0108000 | Музыкалық білім беру | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0109000 | Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология | Биология | Биология |
0110000 | Білім ұйымдарындағы лаборант | Биология | Биология |
0111000 | Негізгі орта білім беру* | Математика | Математика |
0112000 | Исламтану | Қазақстан тарихы | Қазақстан тарихы |
0113000 | Теология | Қазақстан тарихы | Қазақстан тарихы |
0200000 – Құқық | |||
0201000 | Құқықтану | Құқық негіздері | Дүниежүзі тарихы |
0202000 | Құқық қорғау қызметі | Қазақстан тарихы | Дүниежүзі тарихы |
0203000 | Патенттану | Құқық негіздері | Дүниежүзі тарихы |
0300000 – Медицина, фармацевтика | |||
0301000 | Емдеу ісі | Биология | Биология |
0302000 | Медбикелік іс | Биология | Биология |
0303000 | Гигиена және эпидемиология | Биология | Биология |
0304000 | Стоматология | Биология | Биология |
0305000 | Зертханалық диагностика | Биология | Биология |
0306000 | Фармация | Химия | Химия |
0307000 | Ортопедиялық стоматология | Биология | Биология |
0308000 | Медициналық оптика | Биология | Биология |
0400000 – Өнер және мәдениет | |||
0401000 | Кітапхана ісі | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |
0402000 | Дизайн (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0403000 | Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0405000 | Хор дирижері | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0406000 | Музыка теориясы | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0407000 | Ән салу | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0408000 | Хореография өнері | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0409000 | Актерлік өнер | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0410000 | Цирк өнері | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0411000 | Театр-декорация өнері (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0412000 | Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0413000 | Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0414000 | Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0415000 | Зергерлік іс (салалары бойынша) | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0416000 | Әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0417000 | Өнеркәсіп өндірісінің дизайны | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
0418000 | Ландшафтік дизайны | Математика | Математика |
0419000 | Құрылыстағы дизайн | Математика | Математика |
0420000 | Интерьер дизайны | Математика | Математика |
0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару | |||
0501000 | Әлеуметтік жұмыс | Қазақстан тарихы | Дүниежүзі тарихы |
0502000 | Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) | Математика | Физика |
0503000 | Cлесарлық іс | Физика | Физика |
0504000 | Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу | Химия | Химия |
0505000 | Фото ісі | Химия | Химия |
0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика | Химия | Химия |
0507000 | Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру | Математика | Математика |
0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | Математика | Математика |
0509000 | Аяқ киім ісі | Математика | Математика |
0510000 | Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша) | Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) | Қазақ немесе орыс тілі |
0511000 | Туризм (салалары бойынша) | География | География |
0512000 | Аудармашы ісі (түрлері бойынша) | Шетел тілі | Шетел тілі |
0513000 | Маркетинг (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0514000 | Бағалау | Математика | Математика |
0515000 | Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | Математика | Математика |
0516000 | Қаржы (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0517000 | Статистика | Математика | Математика |
0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0519000 | Экономика (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0520000 | Логистика (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0521000 | Қонақ үй бизнесі: отель/ мейрамхананы басқару | Математика | Математика |
0522000 | Іс-шараларды ұйымдастыру және қызмет көрсету | Математика | Математика |
0600000 – Метрология, стандарттау және сертификаттау | |||
0601000 | Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0602000 | Сапаны бақылау (салалар бойынша) | Математика | Математика |
0603000 | Бұзбайтын бақылаудың салалары мен түрлері бойынша бұзбайтын бақылау | Математика | Математика |
0700000 – Геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру | |||
0701000 | Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0702000 | Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы | Математика | Математика |
0703000 | Гидрогеология және инженерлік геология | Математика | Математика |
0704000 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері | Математика | Математика |
0705000 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу | Математика | Математика |
0706000 | Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу | Математика | Математика |
0707000 | Тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |
0708000 | Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту) | Математика | Химия |
0709000 | Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | Математика | Химия |
0710000 | Ашық кеніштің электр-механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Химия |
0711000 | Маркшейдерлік іс | Математика | Математика |
0712000 | Жер асты құбырларының құрылысы | Математика | Математика |
0713000 | Геодезия және картография | Математика | Математика |
0800000 – Мұнай-газ және химия өндірісі | |||
0801000 | Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) | Математика | Математика |
0802000 | Мұнай-газ құбырлары мен мұнай газ қоймаларының құрылысы және оларды пайдалану | Физика | Физика |
0803000 | Компрессорлық станциялар мен жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсету | Математика | Математика |
0804000 | Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждау | Математика | Математика |
0805000 | Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау | Математика | Математика |
0806000 | Ұңғымаларды мұнай мен газға сынау | Физика | Математика |
0807000 | Мұнай және газ кәсіпшілігінің техникалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету | Математика | Математика |
0808000 | Мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) | Математика | Математика |
0810000 | Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары мен жанар май құю станцияларын салу және пайдалану | Математика | Математика |
0811000 | Химиялық талшықтар өндірісі | Химия | Химия |
0812000 | Резеңке-техникалық өндірісі | Химия | Химия |
0813000 | Шина өндірісі және вулканизация процесі | Химия | Химия |
0814000 | Полимер технологиясының өндірісі | Химия | Химия |
0815000 | Тұтқыр және сусымалы материалдардың химиялық өндірісінің машиналары мен жабдықтарын пайдалану | Химия | Химия |
0816000 | Химиялық технология және өндіріс (бейіні бойынша) | Химия | Химия |
0817000 | Кокс-химия өндірісі | Химия | Химия |
0818000 | Химиялық өндіріс технологиясы (бейіні бойынша) | Химия | Химия |
0819000 | Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы | Химия | Химия |
0820000 | Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумдық техника | Химия | Химия |
0821000 | Мұнай және газ өндіру технологиясы | Математика | Математика |
0822000 | Кен орындарын пайдалану | Математика | Математика |
0823000 | Химиялық инжиниринг технологиясы | Химия | Химия |
0824000 | Бұрғылау технологиясы | Математика | Математика |
0825000 | Газ инжинирингі технологиясы | Химия | Химия |
0826000 | Өнеркәсіп жабдықтары | Математика | Математика |
0827000 | Ауыр өнеркәсіп жабдықтары | Математика | Математика |
0828000 | БӨА инжинирингі технологиясы | Физика | Физика |
0829000 | Энергетиканы қайта өңдеу және электроэнергетикалық инжиниринг технологиясы | Физика | Физика |
0830000 | Электрлік инжиниринг технологиясы | Физика | Физика |
0831000 | Қиын балқитын бейметалл және силикатты материалдар мен бұйымдардың технологиясы | Химия | Химия |
0900000 – Энергетика | |||
0901000 | Электр станциялары мен желілерінің (түрлері бойынша) электр жабдықтары | Математика | Математика |
0902000 | Электрмен жабдықтау (салалары бойынша) | Математика | Математика |
0903000 | Электр энергетикасы (салалары бойынша) | Математика | Математика |
0904000 | Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |
0905000 | Энергетикалық көлік қондырғысын пайдалану (көлік түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0906000 | Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары | Математика | Математика |
0907000 | Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
0908000 | Электр станцияларында су, отын және майлау материалдары технологиясы | Математика | Математика |
0909000 | Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар | Математика | Математика |
0910000 | Электрлік және электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
0911000 | Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
0912000 | Электротехнология (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
0913000 | Энергоменеджмент | Математика | Математика |
0914000 | Энергоаудит | Математика | Математика |
0915000 | Гидроэнергетика | Математика | Физика |
0916000 | Гибрид энергиясы | Математика | Физика |
0917000 | Дәстүрлі энергетика | Математика | Физика |
0918000 | Жаңартылатын энергетика | Математика | Физика |
0919000 | Жоғары кернеу желісі | Математика | Физика |
0920000 | Төменгі кернеу желісі | Математика | Физика |
1000000 – Металлургия және машина жасау | |||
1001000 | Доменді пештерге қызмет көрсету және оларды жөндеу | Математика | Математика |
1002000 | Қара металл металлургиясы (түрлері бойынша) | Математика | Химия |
1003000 | Түсті металлдар металлургиясы | Математика | Химия |
1004000 | Құю өндірісі | Математика | Математика |
1005000 | Болаттарды пештен тыс өңдеу | Математика | Математика |
1006000 | Металл өңдеу (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1007000 | Отқа төзімді заттар өндірісі | Математика | Физика |
1008000 | Композициялық және ұнтақты материалдар, жабындар | Математика | Химия |
1009000 | Прокаттау өндірісі | Математика | Математика |
1010000 | Құбыр өндірісі | Математика | Физика |
1011000 | Автоматтық тізбектер және агрегаттық станоктар | Математика | Математика |
1012000 | Икемді автоматтық тізбектер | Математика | Математика |
1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және өндірістегі автоматика | Математика | Математика |
1014000 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1015000 | Машина жасаудағы монтаж және автомобильдерді сынау | Математика | Математика |
1016000 | Өнеркәсіптік механика | Математика | Математика |
1017000 | Дәл машина жасау | Математика | Математика |
1018000 | Механикалық өңдеу | Математика | Математика |
1019000 | Автомобиль құрылысы | Математика | Математика |
1100000 – Көлік (салалары бойынша) | |||
1101000 | Ұшу аппараттарының өндірісі | Математика | Физика |
1102000 | Авиациялық аспаптар өндірісі | Математика | Физика |
1103000 | Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету | Математика | Математика |
1104000 | Теңіз техникасын электр-радио монтаждаушы | Математика | Математика |
1105000 | Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша) | Математика | Математика |
1106000 | Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1107000 | Көтергіш- көлік, құрылыс- жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша) | Математика | Математика |
1108000 | Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1109000 | Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1110000 | Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер | Математика | Математика |
1111000 | Ұсталық тығыздау жабдықтары | Математика | Математика |
1112000 | Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану | Математика | Математика |
1113000 | Металлургиядағы машиналар және жабдықтар | Математика | Математика |
1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1115000 | Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1116000 | Геология барлау жабдықтары | Математика | Математика |
1117000 | Электроникалық техника өндірісіне арналған жабдықтар | Математика | Физика |
1118000 | Тамақ, сауда және ет өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары | Математика | Математика |
1119000 | Тоңазытқыш-компрессор машиналары және қондырғылары | Математика | Математика |
1120000 | Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1121000 | Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математик | Математика |
1122000 | Әскери іс және қауіпсіздік | Математика | Математика |
120000 – Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану | |||
1201000 | Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | Математика | Математика |
1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | Математика | Математика |
1203000 | Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | Математика | Математика |
1204000 | Су көлігін пайдалану (бейіні бойынша) | Математика | Физика |
1205000 | Әуе көліктерінің қозғалысын басқару және пайдалану | Математика | Математика |
1206000 | Жол қозғалысын ұйымдастыру | Математика | Математика |
1207000 | Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы | Математика | Математика |
1208000 | Иіру және тұту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1209000 | Тоқыма өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1210000 | Мата емес тоқыма материалдар өндірісінің технологиясы | Математика | Математика |
1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу | Математика | Математика |
1212000 | Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1213000 | Аң терісі мен қой терісі бұйымдары өндірісінің технологиясы | Математика | Математика |
1214000 | Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары | Математика | Математика |
1215000 | Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары | Биология | Химия |
1216000 | Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі | Биология | Химия |
1217000 | Темекі өндірісі | Биология | Химия |
1218000 | Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары | Математика | Физика |
1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі | Химия | Химия |
1220000 | Қант өндірісі | Химия | Химия |
1221000 | Балық өндірісі | Биология | Химия |
1222000 | Консервілер және тағам концентраттары өндірісі | Химия | Химия |
1223000 | Сыра, алкогольсіз және спиртті ішімдіктер өндірісі | Химия | Химия |
1224000 | Сүт тағамдарының өндірісі | Химия | Химия |
1225000 | Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша) | Химия | Химия |
1226000 | Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру | Биология | Химия |
1227000 | Полиграфия өндірісі | Математика | Математика |
1228000 | Кәбіл өндірісі | Математика | Физика |
1229000 | Құрал жасау (салалары бойынша) | Математика | Математика |
1230000 | Тоңмай және тоңмай алмастырғыштар технологиясы | Биология | Химия |
1231000 | Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету | Химия | Химия |
1232000 | Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі | Химия | Химия |
1233000 | Фарфор және фаянс бұйымдарын дайындау | Химия | Химия |
1234000 | Керамикалық өндіріс | Химия | Химия |
1235000 | Әрлеу өндірісі (бейін бойынша) | Химия | Химия |
1236000 | Тері және үлбірді химиялық өңдеу | Химия | Химия |
1237000 | Жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу | Химия | Химия |
1238000 | Әуе жол кемесіне жерде қызмет көрсету | Математика | Математика |
1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника | |||
1301000 | Электорондық аспаптар және құрылғылар | Математика | Физика |
1302000 | Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша) | Математика | Математика |
1303000 | Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару | Математика | Математика |
1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1305000 | Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша) | Математика | Математика |
1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | Математика | Физика |
1307000 | Электр байланысы мен сымдық таратудың желілік құрылыстарын пайдалану | Математика | Физика |
1308000 | Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану | Математика | Физика |
1309000 | Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1310000 | Көліктік (көлік түрлері бойынша) радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану | Математика | Математика |
1311000 | Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланысының құрылғыларын пайдалану | Математика | Математика |
1312000 | Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар | Информатика | Математика |
1313000 | Бағдарламалау | Информатика | Математика |
1314000 | Есептеу техникасы және компьютерлік жабдықтар | Математика | Физика |
1315000 | Ақпараттық қауіпсіздігі | Математика | Физика |
1316000 | Микроэлектроника және мобильді құрылғылар | Математика | Физика |
1400000 – Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | |||
1401000 | Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | Математика | Математика |
1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1403000 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1404000 | Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазартқыш құрылыстары | Математика | Математика |
1405000 | Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану | Математика | Математика |
1406000 | Магистралдық жергілікті және желілік құбырларды монтаждау | Математика | Математика |
1407000 | Гидротехникалық құрылыс | Математика | Математика |
1408000 | Қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану | Математика | Математика |
1409000 | Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы | Математика | Математика |
1410000 | Автомобиль жолдарын және әуеайлақтарды салу | Математика | Математика |
1411000 | Көпірлер мен көлік тоннелдері | Математика | Математика |
1412000 | Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі | Математика | Математика |
1413000 | Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1414000 | Жиhаз өндірісі (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1415000 | Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) | Математика | Математика |
1416000 | Қалдықтарды қайта өңдеу | Математика | Химия |
1417000 | Азаматтық ғимараттар интерьерінің дизайны, оларды қалпына келтіру, қайта жаңарту | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
1418000 | Сәулет | 2 шығармашылық емтихан | 2 шығармашылық емтихан |
1419000 | Құрылыс механикасы | Математика | Математика |
1420000 | Жылыту, кондиционерлеу және желдету | Математика | Математика |
1421000 | Сумен жабдықтау және су бұру | Математика | Математика |
1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | |||
1501000 | Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу | Математика | Математика |
1502000 | Агрономия | Биология | Биология |
1503000 | Өсімдік шаруашылығы | Биология | Биология |
1504000 | Фермер қожалығы (бейіні бойынша) | Биология | Биология |
1505000 | Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) | Биология | Биология |
1506000 | Аңшылық және аң өсіру | Биология | Биология |
1507000 | Балара өсіру және жібек шаруашылығы | Биология | Биология |
1508000 | Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша) | Математика | Химия |
1509000 | Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша) | Математика | Химия |
1510000 | Ауыл шаруашылығын механикаландыру | Математика | Математика |
1511000 | Жерге орналастыру | Математика | Математика |
1512000 | Зоотехния | Биология | Биология |
1513000 | Ветеринария | Биология | Биология |
1514000 | Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (салалары бойынша) | Математика | Химия |
1515000 | Гидрология және метеорология | География | География |
1516000 | Өрт қауіпсіздігі | Математика | Физика |
1517000 | Төтенше жағдайларда қорғау (бейіні бойынша) | Математика | Физика |
1518000 | Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру | Математика | Математика |
1519000 | Мехатроника | Физика | Физика |
Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 2-қосымша |
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды | Мамандықтың атауы | Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны | |
Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш (“Хореография өнері” мамандығы (біліктілігі “Балет әртісі”) білім базасында | Орта (жалпы орта) білім базасында | ||
0100000 – Білім беру | |||
0101000 | Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0102000 | Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0103000 | Дене тәрбиесі және спорт | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Мамандандыру бойыншанормативтерді тапсыру | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Мамандандыру бойыншанормативтерді тапсыру |
0104000 | Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0105000 | Бастауыш білім беру | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0108000 | Музыкалық білім беру | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау |
0109000 | Өмір сүру қауіпсіздігі және валеология | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0110000 | Білім беру ұйымдарындағы зертханашы | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0111000 | Негізгі орта білім беру | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу |
0112000 | Исламтану | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
0113000 | Теология | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу |
0300000 – Медицина, фармацевтика * | |||
0301000 | Емдеу ісі | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе |
0302000 | Медбикелік іс | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе |
0304000 | Стоматология | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе |
0307000 | Ортопедиялық стоматология | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе | Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе |
0400000- Өнер және мәдениет | |||
0401000 | Кітапхана ісі | Әдебиет бойынша ауызша емтихан | Әдебиет бойынша ауызша емтихан |
0402000 | Дизайн (бейін бойынша) | Сурет және кескіндеме, композиция | Сурет және кескіндеме, композиция |
0403000 | Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (бейін бойынша) | Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау |
Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау |
0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0405000 | Хор дирижері | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0406000 | Музыка теориясы | Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан | Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан |
0407000 | Ән салу | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0408000 | Хореография өнері | Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері) Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті) |
Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері) Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті) |
0409000 | Актерлік өнер | Актерлік шеберлік, сахна тілі | Актерлік шеберлік, сахна тілі |
0410000 | Цирк өнері | Акробатикажәнеи гимнастика, эквилибристика | Акробатика және гимнастика, эквилибристика |
0411000 | Театр-декорация өнері (бейін бойынша) | Сурет және кескіндеме, композиция | Сурет және кескіндеме, композиция |
0412000 | Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) | Сурет және кескіндеме, композиция | Сурет және кескіндеме, композиция |
0413000 | Сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік (бейін бойынша) | Сурет және кескіндеме, композиция | Сурет және кескіндеме, композиция |
0414000 | Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) | Сурет және кескіндеме, композиция | Сурет және кескіндеме, композиция |
0415000 | Зергерлік ісі (салалары бойынша) | Сурет және кескіндеме, композиция | Сурет және кескіндеме, композиция |
0416000 | Әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан | Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан |
0417000 | Өнеркәсіп өндірісінің дизайны | Сурет, сызба | Сурет, сызба |
0418000 | Ландшафтік дизайны | Сурет | Сурет |
0419000 | Құрылыстағы дизайн | Сурет | Сурет |
0420000 | Интерьер дизайны | Сурет | Сурет |
* басқа медициналық мамандықтар бойынша арнаулы емтихан тапсыру қажет етілмейді
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК