Өз денсаулығымыз өзіміздің қолымызда

2018 жылғы 15 қыркүйек күні “Innovative College” мекемесінде спорт мерекесі «Денсаулық күні» өткізілді, оған колледжімізге жаңадан қабылданған және 2-4 курстың студенттері қатысты.
Спорт мерекесінің бағдарламасына: спорттық эстафета, арқан тарту, командалық жекпе-жек сайыстары енді.
Командалар жылдамдыққа, күштілікке, ептілікке және төзімділікке сайысты.
Барлық командалар тиісті дәрежедегі Грамоталармен марапатталды.
Іс-шара жоғары дәрежеде және эмоционалдық деңгейде өтті, барлық қатысушылар жақсы сергектік пен көтеріңкі көңіл күй әсерін алды.