Қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 22 – қыркүйек «Тілдер күні» мерекесі қарсаңында “Тіл – ел бірлігі”, “Язык-символ единства народа”, “Language – the symbal of unity” атты тақырыпта фестиваль болып өтті. Фестиваль барысында колледж қабырғасында білім алып жатқан 1 және 2 курс студенттері ән айтып, би биледі, бір сөзбен айтқанда үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында үш тілде өлең оқылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті.