2018 жылғы 02 қарашада құқықтық пәндер апталығы шеңберінде оқытушы Оразғалиев Қ.М. қала колледждері оқушыларының, сондай – ақ ҚР ІІМ бастапқы даярлық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Жасөспірім және заң» байқау – викторинасын өткізді. Байқау бес турдан тұрды. Байқау жаттығу кезеңінен басталды, онда құқықтың түрлі салалары бойынша сұрақтар қойылды. Сондай – ақ командалар нормативтік – құқықтық актлер бойынша, атап айтқанда әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу мәселелері, бала құқығы бойынша Конвенция және жасөспірімдердің міндеттері мәселелері бойынша білім жарыстырды. Құқықтық қатынастар тараптарының бірі жасөспірімдер болып табылатын «Ситуациялық тапсырмаларды шешу», ұсынылған сөздер бойынша мазмұны жасөспірімдердің құқықтық көзқарастарын білдіруі тиіс болған өлең құрастыру ұсынылған «Әдебиет туры» сияқты тапсырмалар оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Байқау көрермендері де тысқары қалмады, оларға ертегілер мен әдеби шығармалар кейіптерлерінің әрекеттеріне құқықтық нормалар жағынан алып қарағанда баға беру ұсынылды.
Қазылар аалқасының құрамында ШҚО Семей қаласының № 2 мамандандырылған сотының судьясы Татьяна Анатольевна Живицкая, ҚР ІІМ полиция полковнигі Кайрат Тусупбекович Имашев, сондай – ақ «ШҚО Семей қаласының ішкі істер бөлімі» ММ қызметкері Асхат Аскарович Аскаров төрелік етті, олар өткізілген іс – шараға жоғары баға берді.
Шиеленісті бәсеке барысында 1 орын ҚР ІІМ бастапқы даярлық орталығы командасына берілді, 2-орынды «Қайнар жоғары колледжі» командасы, ал 3 орынды «Innovative college” командасы иеленді.
Қатысушылар арасында жүргізілген рефлексия нәтижесінде барлық қатысушылардың пікірі «Мен заңға бағынушы әрекетті таңдаймын» көзқарасына сәйкес келді. Судья Татьяна Анатольевна Живицкая, ұйымдастырушыларға іс – шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіре отырып осы байқаудың мазмұндылығы мен маңыздылығын атап көрсеткен ерекше пікіріні білдірді