Гуманитарлық-құқықтық пәндер апталығына байланысты ұйымдастырылған «Руғани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп оқушылары арасында кездесу жиыны өтті.
Жиынға Семей қаласы жастар ресурстық орталығының әдіскері – Д.Кежеғазин , Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің РhD докторы – М. Бетимбаевич және жалпы білім беретін орта мектептердің оқушылары мен жетекшілері қатысты.
Жиын барысында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауы аясында көрсетілген бағыттар талқыланып, оқушы жастар ұсыныс пікірлерімен бөлісті.