25-26 қаңтар аралығы 2019 ж. “Innovative College” мекемесінің маманы Аягөз қаласының мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мақсаты- бітіруші түлекке мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, келешек ұрпаққа бағыт- бағдар беру.
Бағдар беру жұмыстары Аягө қаласының мектеп-лицейіне, №1, №3 орта мектебі және К.Бозтаев атындағы мектептерге жүргізілді. Бітіруші түлектер саны 200- ден астам.
Мектеп оқушылары оқу орыны, мемлекеттік грант жайлы сұрақ қойып, білімге деген қызығушылықтарын білдірді.
Аудандар мен ауылдарда жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл сайын өз жалғасын табуда.