Бос орындар жәрмеңкесі

2019 жылы 29 сәуір күні «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында Құрылыс колледжінде «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмекеге осы жылы колледжді бітіретін түлектер қатысты. Жәрмеңкенің ашылу салтанатын Семей қаласының әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлы бастаса, қорытынды сөзді ШҚО Білім Басқармасының бас маманы Ильясова Гульмира Бейсембаевна сөйледі. Жәрмеңке барысында 131 студент пен 30 мекеме үш жақты келісімшартқа қол қойып, «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтап жатқан түлектер жұмыспен қамтамасыз етілді.