Жастар жылы аясында кәсіпкерлердің қатысуымен “Кәсіпкерлік және бизнес” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге “Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімі” ММ, шағын және орта бизнес меңгерушісі Сыздыкова А.К. және ШҚО, “Салауат” жастар орталығының төрағасы Қайырбекұлы А қатысып, студенттерге кәсіпкер болудың, бизнесті қалай бастау керек екендігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге колледждің болашақ қаржыгерлері қатысып, өз ойларын ашық жеткізді. Дөңгелек үстел Курманова Ә.О., Тукенова В.Д. оқытушылардың ұйымдастырылуымен өткізілді.