Құрметті Назигуль Мұхтарбековна!
“Innovative College” мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлері және студенттердің атынан Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүкіл Шығыс өңірі, Сізді колледжімізде кәсіби білікті және іскер ұйымдастырушы басшы ғана емес, жүрегі ізгілікке толы мейірімді Адам ретінде танып білді. Көпшілікті, Сіз өзіңізге тән харизмаңызбен, «баршамызды бауырым деп» сүйетін қамқор қалпыңызбен, жан-жағыңызға шуақ болып шашылатын жайдары мінезіңізбен, өршіл оптимизммен, көркем сипатыңызбен, айтқан сөзіңіз бен істеген ісіңіздің сәйкестігімен баурап алдыңыз. Барша адамның сүйіспеншілігіне бөлендіңіз. Сіздің еңбекқорлығыңыздан, басқаларға көмек қолын ұсынуға дайын кең пейілділігіңізден үлгі аламыз!
Бүгінгі туған күніңізге ұзақ ғұмыр тілей отырып, өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз. Шығар шыңдарыңыз биік болсын!