Колледж студенттеріне арналған «Егеменді елдің Ата Заңы» тақырыбындағы ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған он-лайн режимдегі қалалық құқықтық дайджест

Құқықтық дайджесттің мақсаты:

  • Студенттердің ғылыми-теориялық білімдерге қызығушылығын қалыптастыру;
  • Тәжірибелік жұмыс дағдыларын, логикалық және талдаушылық ойлау қабілеттерін, өз көзқарастарын қорғау дағдыларын дамыту;
  • Патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  • Студенттердің өз мемлекеті мен ел Конституциясы туралы білімдерін кеңейту.

Құқықтық дайджестке қатысушы қонақтар

  1. 1. Қырғыз Ұлттық университеті, кәсіптік колледжінің әдістемелік жұмыс және өндірістік тәжірибе жөніндегі директорының орынбасары,Шерматова Саадат  Нурлановна.
  2. Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ кәсіптік колледжінің оқытушысы, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының аспиранты, заңгер, Рахманов Асылбек Рахманұлы.
  3. PhD доктор, ҚазИГЗУ жанындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры, доктор PhD, Молдажанов Марат Битембаевич.
  4. Нұр-Сұлтан қаласының құқықтық кеңесшілер палатасының құрылтайшысы, «VETO» құқықтық орталығының жетекші заңгері, Байхадулин Дамир Болатович.
  5. “Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының” кеңесшісі, заңгер, Асқаров Асхат Асқарұлы.Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ кәсіптік колледжінің оқытушысы, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының аспиранты,заңгер  Рахманов Асылбек Рахманұлы  «Конституция: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы баяндамасын оқып, екі мемлекеттің Конституциясын салыстырып талдап берді.Нұр
  6. -Сұлтан қаласының құқықтық кеңесшілер палатасының құрылтайшысы, «VETO» құқықтық орталығының жетекші заңгері, Байхадулин Дамир Болатович студенттер сұрақтар қойды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керектігі»   туралы айтып өтті.    Құқықтық дайджест  басында ең өзекті мәселелер: адам құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстауы, егер жасөспірім қиын жағдайға тап болса тақырыптары мен ҚР Конституциясының  негізгі мәселелері талқыланды.Студенттер өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, қатысушы қонақтар мысалмен нақты дәлелдермен жауап берді.              Құқықтық дайджестке барлық қатысушылар белсенді түрде қатысты, сұрақтар қойды және оларға түсіндірме жауаптар берілді.  «Балалар өз құқықтары мен міндеттерін, заңдарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым өмірдегі жолдары жақсы болады  және қазіргі заманғы күрделі қоғамдық қатынастар ортасында өздерін сенімді ұстай біледі» –  «Егеменді  елдің Ата Заңы» құқықтық дайджесттің  қорытынды ой түйіні осындай болды. Өйткені, біздің жеке құқықтарымыз бұзылмауы үшін, біз басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуіміз тиіс. Өзіңді құрмет тұтқанын қаласаң, өзгелердің құқығын құрметтей біл.