19.10-23.10.2020 Гуманитарлық – құқықтық пәндер бірлестігінің 0201000 «Құқықтану», 0501000 «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша өткізілетін апталықтың ашылуы онлайн форматтар зум платформасында 1-3 курс студенттерә арасында өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Студенттерге ҚР Конституциясын білу, құқықтық білімдерін толықтыру; адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.Алғы сөз: Конституциямызда белгіленген адам құқығы мен бостандығы, саяси және әлеуметтік – экономикалық құрылым қағидаттары әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің айнымас тұғырына айналды. Ата заңымыз уақыт рухына және азаматтарымыздың талап-тілегіне сай келеді. Біз мемлекеттің берік конституциялық негізіне сүйене отырып, елдегі келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаймыз және азаматтық қоғаммен сындарлы байланысты жалғастыра береміз. Қатысушылар арасында «Заң патшалығына саяхат» танымдылық ойыны ойналды.
Ата Заң – қорғанымыз. Бауыржан Момышұлы “Азамат жолы – ар жолы” деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік. “Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты” деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.