Интеллектуалды марафон өтті

23.02.2021ж күні жалпы білім беретін пәндік циклдік бірлестігінің онкүндігі аясында «Innovative College» мекемесінде ағылшын тілінен 1-2 курс студенттері арасында «Intellectual Marathon» – «Интеллектуалды марафон » атты сайыс өтті.   

 

Сабақтың мақсаты :

  • Ағылшын тілін құрметтеуге үйрете отырып, студенттерді ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
  • Ағылшын тілін түсінуді үйрету;
  • Алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; ой-өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту;
  • Топта жұмыс істеуді білу; ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру; қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Сайысқа «ӘЖ-11», «Право-12», «ЕжА-11», «ЖҚҰ-11», «ЖҚҰ-21», «Құқық-21»,  «ТОР-22» топтарының сутенттері қатысты.  Осы топтардан  екі топ құрылды. Олар:  1-топ “Erudites”. 2-топ  “Optimists”. 

Сайыста студенттер ағылшын тілінде сөйлеп, сұрақтарға жауап берді, сондай ақ басқа да тапсырмаларды орындау барысында белсенділікпен қатысты. Сонымен, байқау қорытындысында әділ қазылар алқасының шешімімен  “Optimists” тобы жеңіске жетті. Женімпаз топ грамотамен марапатталды .

Ұйымдастырушы ағылшын тілі пәні оқытушысы Б.А. Матенова