Ашық сабақтар

10.11.2021 жылы 1 курс ЖҚҰ-13 тобында «Информатика» пәнінен «Реляциялық деректер қоры. Big Data. Деректер қорының негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тукенова В.Д. «Экономика негіздері»  пәнінен ЕТЖК-41 тобына облыстық ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Банктер және олардың түрлері». Оқытудың әртүрлі әдістері қолданылды, студенттер өз білімдерін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2021 жылғы 26 қарашада қоғамдық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Семей қаласы «Innovative   college» мекемесі негізінде Қазақстан Республикасының 30 – жылдығына арналған «Бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ЕврАзЭС шеңберінде кірігуі» тақырыбындағы халқаралық диалог алаңы өткізілді. Диалог алаңы жұмысының мақсаты: өңірлерді мысалға ала отырып КСРО тарағаннан кейінгі кірігу процесстеріне талдау жасау, тәуелсіздік жылдары ішіндегі саяси, экономикалық, мәдени, спорттық жетістіктердің деңгейін анықтау.

Диалог алаңының ұйымдастырушылары «Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы» КММ және «Innovative college» мекемесі. Халқаралық диалог алаңы жұмысына келесі оқу орындары қатысты:

  1. Ош технологиялық университетінің Б.М.Мурзубраимов атындағы халықаралық Үзген технология және білім беру институты, Қыргызстан.
  2. «Алтай мемлекеттік университеті» Федералдық Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің колледжі. Барнаул қ., Ресей Федерациясы.
  3. Ж.Баласагын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің кәсіптік колледжі, Бішкек қ., Кыргызстан.
  4. «Innovativecollege» мекемесі, Семей қ., Қазақстан.

       Диалог алаңына қатысушыларға «Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары З.Ш.Утепова және «Innovative college» мекемесінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Т.Уразбаева құттықтау сөз сөйлеп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

       Білім берудің даму болашағы туралы мазмұнды қызықты диалог орнады, өңірлердің экономикалық және мәдени дамуы, жемісті, ынтымақтастықты жұмыс жасау мәселелері қарастырыылды. Барлық алаң жұмысына қатысушылар Алғыс хаттар мен сертификаттар алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29.11.2021ж «Құқық негіздері» пәнінен ӘЖ-21 тобында «Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі, құрамы» тақырыбында құқықтық пәндер оқытушысы Сағидолла А.С обылыстық ашық сабақ өткізді. Мақсаты:   студенттердің түрлі электронды оқыту ортасында жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, тұтас ақпараттық кеңістік құру.

Оқытудың когнитивтік және креативтік технологияларын қолдана отырып оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттыру

Студенттерге әкімшілік құқығы туралы түсінік бере отырып оларды құқықтық білімдерді меңгеруге, құқықтық сана қалыптастыруға, құқықты орындау мен құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

30.11.2021ж. құқықтық пәндер оқытушысы  Дюмсенбекова Айнагуль Капшукеровна «Құқық қорғау органдары» пәнінен «Құқықтану» мамандығының 2 курс «Право-22к» тобында «Нотариат» тақырыбында облыстық ашық сабақ өткізді.

Сабаққа қатысқандар :

1.Манышева М.Ж.(ШҚО КБ орталығы КММ білім беру үрдісіндегі әдістемелік бірлестік бөлім басшысы);

  1. Сагимбеков Н.А. (әлеуметтік ғылымдар негізі облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы );
  2. ШҚО колледжоқытушылары. Колледждің инстаграм парақшасының тікелей эфирінде өтті.

                    Сабақта қолданылған материалдардың ауқымдылығымен ерекшеленді. Сабақ барысындаАйнагуль Капшукеровна келесі оқыту технологияларын қолданды: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ойын технологиясы, денсаулықсақтау технологиясы. Сабақтың негізі  «Динамикалық минут».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

06.12.2021ж. «Innovative college» мекемесінде 0201000 «Құқықтану» және «Жол қозғалысын ұйымдастыру»  мамандықтарының 2курс студенттері арасында «Фемида» сыныптан тыс іс-шарасы болып өтті. Құқықтық байқаубірнеше кезеңнен тұрды:

1-кезең: «Таныстыру» (команда атауы, команда таныстыруы)

2-кезең: «Полиглот»

Екінші кезеңнің негізгі мақсаты студенттердің үш тілді білімін тексеру (мемлекеттік,орыс және ағылшын тілі)

3-кезең: «Сенің ойының»

3-кезеңнің мақсаты студенттердің білімін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

4-кезең: «Қызыл конверттегі не?»

Төртіншікезеңнің негізгі мақсаты жағдаяттық тапсырмаларды шеше білу дағдыларын қалыптастыру.

Байқау жақсыәдістемелік деңгейде өтті. Аталған байқаудың ұйымдастырушылары құқықтықпәндер оқытушылары: Дюсенбекова А.К., Сарсенбаева Л.Б., Сагидолла А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.12.2021ж. «Innovative college» мекемесінде «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-құқықтық дамуы» тақырыбында «Құқықтану», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының студенттері арасында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласынан заң консультанттарының палатасы құрылтайшысы, адвокат Байхадулина Д.Б арнайы шақырылды.

  • дөңгелекүстелді ұйымдастырушы гуманитарлық-құқықтық пәндер оқытушылары: Дюсенбекова А.К., Сарсенбаева Л.Б., Сагидолла А.С.
  • «Innovative College» мекемесінің гуманитарлық-құқықтық пәндер оқытушылары Дюсенбекова Айнагуль Капшукеровна және Сарсенбаева Ляззат Бахытжановна дөңгелек үстелді ашты және жүргізді.
  • Дөңгелек үстелдіңбасындакелесі тақырыптағы баяндама тыңдалды: «Тәуелсіздікжылдарындағы Қазақстанның басты 10 жетістігі». Баяндама жасаған: Нұр-Сұлтан қаласынан заң консультанттарының палатасы құрылтайшысы, адвокат Байхадулина Д.Б.

Қатысушылар маңызды сұрақтарды ортаға салды және де  ол сұрақтардың жауабын табу әдістерін қөарастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШҚО білім басқармасы қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Innovative College» мекемесімен бірлесіп, 2021 жылғы 24 желтоқсанда Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» облыстық Мақатаев оқуларының қорытындысын шығарды.

Мақсаты – жас ұрпаққа ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығының мәні мен мағынасын ұғындыру.

Мақатаев оқуларына қатысу үшін колледж студенттерінен барлығы 15 өтінім келіп түсті.

Іс — шара 2 кезеңнен тұратын қашықтық форматта өтті:

1-кезең: «Мұқағали-мәңгілік жыр!» атты тақырыпта эссе жазу;

2-кезең: «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Облыстық Мақатаев оқуларының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер және номинация иегерлері анықталды:

Бас жүлде — Адлгазыева Амина (№35 жалпы орта білім беретін мектебі);

І орын — Жумаханова Алуа (Озерки жалпы орта білім беретін мектебі);

ІІ орын — Абдоллаев Әлішер (Электротехникалық колледжі);

ІІ орын – Курбанова Ильнара (№35 жалпы орта білім беретін мектебі);

ІІІ орын — Ақаш Санжар (Өскемен экономика және қаржы колледжі);

ІІІ орын — Бағылан Айзере (Өскемен экономика және қаржы колледжі);

ІІІ орын — Тұнғышбаева Мөлдір (Шәкәрім атындағы университетінің Шәкәрім жоғары колледжі);

Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Гафурова Адэлия «Көркемсөз оқу шебері», ал Бизнес және сервис колледжінің студенті Серікқали Алуа «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

7-11  ақпан 2022 жылы «Innovative college» мекемесінде «Өзін-өзі тану: педагогика махаббат және шығармашылық» тақырыбындаапталықболып өтті.

11ақпан 2022 күні өзін-өзі тану оқытушылары Матенова Б.А., Ешенова О.Г.  топ студенттері арасында «Мхаббат үшін өмір» атты тақырыпта республикалық деңгейде бірегей сабақ өткізіп, апталықты қорытындылады. Бұл сабақ арқылы рухани адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпы адами құндылықтарды қалыптастыру негізіндегі қоғамдағы орны туралы ақпарат берді.

            Бұл бірегей сабақ Сара Алпысқызының туған күніне орай ұйымдастырылды.  Сабақ барысында студенттер Сара Алпысқызының “Мейірімділік қанатының астында бұл дүние бұдан да жақсырақ және мейірімді болады деген сенім бізді шабыттандырады” деген және төменде берілген негізгі нақыл сөздерімен жұмыс жасады.

Өз тағдырыңның қожайыны бол.

Нені ұнатсаң, сонымен жетістікке жет.

Адамдармен сенім арқылы өз қарым қатынасыңды орналастыр.

Қоғамдық іске өз үлесіңді қос.

Өзіңнің шығармашылық қырыңды дамыт.

Өз денсаулығыңа қамқор бол.

Өзіңе сен.

Позитивті ойлауға тырыс.

Өзіңді батылдыққа тәрбиеле.

Материалдық әл ауқатты рухани ләззатпен үйлесмтіріңіз.

Сабақ студенттердің рухани адамгершіліктұрғыдағы жан дүниесін дамытуға бағытталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.03.22ж. күні ЖҚҰ- 21 тобында оқытушы Сарсенбаеа Л.Б. «Қылмыстық құқық» пәнінен «Жаза түсінігі және мақсаттары» тақырыбында облыстық ашық сабақ өткізді. Оқытушы өз сабағында бірнеше инновациялық технологиялар элементтерін пайдаланды. Әріптестері сабақты жоғары бағалады.

ЖҚҰ-21 тобында «Жолда жүру ережесі» пәнінен «Тұрғын аймақтағы қозғалыс» тақырыбы бойынша ашық шабақ өтті. Мақсаты: Тұрғын және жаяу жүргіншілер аймақтарындағы қозғалыс ерекшеліктері туралы кешенді білім қалыптастыру. Сабақ маөсаты орындалды.

2022 ж. 23 қараша күнінде ӨҚ—31 тобында өрт сөндіру құралдары тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ тәжірибелік сипатта болғандықтан спорт залында өткізілді. Студенттер өрт сөндіру құралдары туралы білімдерімен қоса іскерліктері мен қалыптасқан дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті.

«Өткенді білмей, бүгіннің шынайы мағынасын және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес»                            М. Горький.

      Жалпы білім беру пәндерінің пәндік-циклдік комиссиясының онкүндігі аясында 2022 жылғы 15 ақпанда оқытушы О.Г. Ешенова «ПО-12» тобында «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері» тақырыбында Қазақстан тарихы бойынша облыстық ашық сабақ өткізді. Студенттер зерттеу жұмыстарында, білім беру платформаларында, топта жұмыс істеу  дағдыларын көрсетті, «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша кластерлер құрды. Тақырыпты зерделеу қазақтардың ұлттық мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызға ие.