«Тор-32» тобында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге байланысты «Мен референдумға барамын» атты әңгіме өткізілді. Бұл ел өміріндегі маңызды саяси оқиға. Біз өз болашағымыз үшін жауаптымыз және оны парызымыз деп санаймыз.
Позитивті өзгерістердің уақыты келді. Өз елінің әрбір саналы азаматы референдумға қатысуы керек. Мемлекетіміздің гүлденуі мен тәуелсіздігі үшін дауыстарыңызды беріңіздер.