Президент жолдауын талқылау

07.09.22 жылы “Innovative college” мекемесінде “ЕЖА-21 “тобында «Президент жолдауын талқылау» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 Мақсаты: Студенттерге Жаңа Қазақстан қалыптастырудың жаңа бағыттарымен таныстыру, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз ойларын жеткізе білу, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің заңдарын сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру

“Әділетті Қазақстанды құру енді ғана басталып жатыр, алда тар жол күтіп тұр. Бұл курс мызғымас және ішкі және сыртқы сипаттағы кез келген жағдайда жалғасатын болады

Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Қасиетті Отанды бірге өркендетейік, ағайын!”

Тоқаев мемлекеттік институттардың қайта іске қосылғанын мәлімдеді.

Және мерзімінен бұрын Президент сайлауын жариялады.

“Мен үшін мемлекеттің мүддесі бәрінен жоғары. Сондықтан мен өз өкілеттілігімнің мерзімін қысқартуға және кезектен тыс президенттік сайлауға баруға дайынмын.

“Бізге елдің бірлігі керек”

Студенттерге, Президенттін сонындағы айтылған түйін сөзі ұнады :

“Біз үшін ең маңыздысы – әр азамат Жаңа Қазақстан бағыттарын қалыптастырудың сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда.”