“СЕРПІН-2050” ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ТУРАЛЫ
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.
2014 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 2050 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына бөлінген арнайы грант 3-есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5000 орыны 19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлініп, 1200 орыны 36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледж) 47 мамандық бойынша берілді.
2016-2017 жылдары, бағдарламаға 22 жоғары оқу орыны, 32 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары қатысады:
Серпін-2050 ресми сайты: http://serpin-2050.kz