Тәрбие жұмыс бағыттарының мақсаттары
1. Рухани-адамгершілік тәрбие –
- Жас маманның рухани бай, дамыған жаңа моделін қалыптастыру;
- Күнделікті кездесетін өмір қиындықтарын шеше білетін, нағыз дос бола білетін жас маман тәрбиелеу;
- Білімді кәсіби түрде үйрету – әдептілік – рухани мәдениетін қалыптастыру.
2. Зерде мәдениеті –
- Оқушылардың өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өзіндік жетілуге психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру;
- Оқудың өзіндік стилін қалыптастыру, дағдыны дамыту, үнемі өзгеретін дүниенің жағдайына жылдам бейімделуге жалпы қабілетті қалыптастыру;
- Білім меңгеру үрдісінде зерде мәдениетін жасау.
3. Талғам мәдениеті –
- Өнер құралдары арқылы сана-сезімін деңгейі өте жоғары, дүниеге деген біртұтас көзқарасы бар, шығармашылық іс-әрекетінде соны енгізуге, көрсетуге дайын, ұжымда өмір сүре алатын адамды қалыптастыру;
- Әдептілік рухани құндылықтарды әсемдікке ұластыру арқылы халықтар мен дәуірлер жасаған әлемдік көркем құндылықтарға сүйене отырып адамдар бойында талғам мәдениетін қалыптастыру;
- Мәдениеттің ұлы қайраткерлері жасаған рухани байлықты оқушыдардың ішкі рухани бойына сіңіру.
4. Экономика мәдениеті –
- Нарық экономикасының даму ұстамдарына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеу, оларды өз орнын анықтай білетін және өз ахуалын жақсарта алатын өзіндік өмірге дайындау;
- Нарық экономикасының құндылықтарына дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру;
- Экономикалық тәрбие мен мәдениеттің маңыздылығын қалыптастыру.
5. Саяси –құқықтық және патриоттық тәрбие –
- өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйрету;
- жалпы азаматтық құндылықты бейнелейтін әдеп, саяси-құқық бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету;
- заңға бағынуға және құқықтық сананы тәрбиелеу
6. Экологиялық тәрбие –
- Табиғатқа деген сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу;
- Оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыстарға көмек көрсету;
- Түрлі экологиялық жағдайды және жергілікті экология мәселесін шешуге жауапкершілікті өзіне арта білу.
7. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық
- Салауатты-денсаулық туралы кешенді түсінік қалыптастыру;
- Денсаулықтың құрамы, бөлшектері туралы түсінік, әрбір адамның денсаулығын сақтау мен нығайту мүмкіншіліктері жайлы түсінік беру;
- Ғылыми деректер негізінде оршаған ортаның оқушы денсаулығына әсерін бағалай білуге тәрбиелеу;
8. Этникалық тәрбие –
- Оқушылардың әлемдік мәдениеттің көп түрлілігі, Қазақстанның мәдени аймақтық байлығы туралы түсінігін қалыптастыру;
- Оқушылардың бойында әдептілік қасиетті тәрбиелеу барысында әлеуметтік тұлға ретінде мәдени салт-дәстүрлер қажеттелігін қалыптастыру;
- Оқушылардың этникалық тәрбие жүйесіндегі этнос субьектісін қалыптастыру;
Бағыты | Топтағы жұмыс | Мерзімі | Жауапты адам |
Оқушылармен жұмыс
|
– колледждің ішкі ережесімен таныстыру; – оқушылардың формаларын қадағалау; – сабаққа қатысуын бақылау; – сабақты себепсіз босатпауын қадағалау; – топ кезекшісін күнделікті тексеру;
|
қыркүйек
жыл бойы жыл бойы
ай сайын
күнделікті |
Топ жетекшісі Топ жетекшісі Топ старостасы Топ жетекшісі Тазалық секторы |
Оқытушылармен жұмыс
|
– топтағы үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс; – қосымша сабақтар өткізу; – сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларға қатысуын қадағалау;
|
ай сайын
жыл бойы
жыл бойы
|
Топ жетекшісі Топ оқушылары Топ белсенділері |
Ата- аналармен жұмыс
|
– айлық аттестация бойынша мәліметтер беру; – оқу ақысы туралы ескерту; – оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібі туралы әңгіме жүргізу; – жиналыстар өткізу, телефонмен әңгімелесу, жекеле кездесу. |
жыл бойы
ай сайын
ай сайын
күнделікті |
Топ жетекшісі Топ жетекшісі Топ жетекшісі
Топ жетекшісі
|