«COVID-19» коронавирустын сақтану шаралары бойынша психолог кеңесі
Құрметті студенттер!
Сіздер келесі ережелерді сақтай отырып, өз денсаулықтарыңызды және жақындарыңызды қорғай аласыздар:
- үйіңізден шықпаңыз! Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз (тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін, медициналық көмек керек жағдайда), далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз.
- қолыңызды сабынмен (кемінде 20 секунд) жиі жуыңыз немесе құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз!
- мүмкіндігінше қолдарыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз!
- тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз! Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабынды сумен жуыңыз.
- күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз!
- үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!
- байланыс құралдарын пайдаланып, басқа адамдармен қашықтықтан сөйлесіңіз! Қонаққа бармаңыз және достарыңызды үйге шақырмаңыз. Азық-түлік пен тауар қажет болса, үйдің табалдырығына дейін жеткізу қызметтерін пайдаланыңыз.
- салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз! Иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз немесе олардың жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз.
Студентерге арналған психологиялық кеңес
Емтиханға психология тұрғысынан тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар:
- Аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аз-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Тамақтану:
- Күніне 3-4 рет дәрумендерге бай ас қабылда. Асқа грек жаңғағын, сүтті тағамдарды, балық, ет, жеміс-жидек, көкөністерді кабылда. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жемеу керек.
Емтихан барысында күйзелісті қалай жеңу керек?
Стресс (ағыл. stress) қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс – өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған ағзаның қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.
Стресті жеңу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды ескеріңіз:
- Әрқашан жинақы болуға ұмытылыңыз.
- Стрессті төмендететін қарапайым әдіс – ол жай ғана өмірдің қарқынын төмендету.
- Тыныштандыратын дәрі-дәрмектерді жиі қолданбаңыз!
- Стресстен арылудың жақсы бір әдісі – ол дене шынықтыру жаттығулары, қозғалыс. Жүгіруге, велосипедпен серуендеуге, би кешіне, бассейнге немесе тенниске баруға әрқашан да уақыт табуға болады.
- Комедиялық фильмдер, сатирик-жазушылардың шығармаларын оқу көңіл күйіңізді көтереді.
- Таза ауа мен табиғат күнделікті болып тұратын ауыр ойлардан арылуға көмектеседі.
Емтихан алдында аса тойып тамақ жеме. Дәрумендерге бай жеңіл тағам қабылдау ұсынылады. Біраз шоколад, банан, лимон қосылған ашты шәй ішуге болады.