\”Великий,могучий русский язык\” викторинасы өткізілді

18.02.2022 ж \”Innovative college\” мекемесінде Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айгүл Бекахметқызы Тоқболатованың \”Великий,могучий русский язык\”тақырыбында викторинасы өткізілді

Викторинаның мақсаттары:

орыс тілі бойынша білімді тереңдету және жүйелеу;

студенттердін есте сақтау қабілетін, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, олардың логикалық ойлауы мен реакция жылдамдығын дамыту;

студенттерді орыс тіліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.

Викторинаның міндеттері:

қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

командалық рухты дамыту;

командада жұмыс істеу арқылы студенттердің бірігуіне ықпал ету; 

студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру.

Іс-шараға дайындық кезінде студенттер үлкен белсенділік танытты. 4-топ командалардың аттарын алдын ала дайындады және викторинаға қуана қатысты. Олар тапсырмаларды үлкен ықыласпен орындады, жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдер жалғастырды. Бір тапсырмадан екіншісіне ауыса отырып, студенттер тек тыңдап қана қоймай, логикалық ойлауға, тапқырлықтарын корсете білді. Викторинада ұжымдық, жеке және фронтальды жұмыстар жүргізілді. АКТ- қолданумен \”Своя игра\”интеллектуалдық ойыны түрінде өтті. Ойын барысында достық, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Іс-шара үлкен танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәнге ие деп санаймын, іс-шараның мақсатына қол жеткізілді. Оқушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін аша алды. Іс-шара команда қатысушыларына орындар берумен аяқталды. Викторинада \”Лингвисты\” \”ӨҚ-11\”тобы жеңіске жетті.Екінші орынды \”Знатоки\” \”ЕЖА-11\”тобы иеленді.Үшінші орын: \”Умники\”командасы, \”ЖҚҰ-13\” тобы және \”Грамотеи\”командасы, \”ЖҚҰ-11\”тобы.

\"\" \"\" \"\" \"\"