«Өндірістегі 10 күн» акциясы және Еңбек күніне орай Innovative College мекемесінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 және 3 курс студенттеріне Абай облысы, Семей қаласы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер әлеуметтік қызмет көрсету саласының қыр-сырын меңгеріп, әлеуметтік жұмыс маманының кәсіби міндеттерімен және қызмет бағыттарымен танысты.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және болашақ кәсібіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
💙 Мамандығым – мақтанышым, кәсібім – болашағым!




