«ҚР мемлекеттік рәміздер күніне» арналған мерекелік іс-шара

04.06.25ж.күні колледжімізде ‘»ҚР мемлекеттік рәміздер күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.

1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар — Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.

Мемлекеттік рәміздер — мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. «ҚР Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Президентінің жарлығына және «ҚР кәсіби және басқа да мейрамдары туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні тойланады.

Еліміздің барша азаматтарын бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *