15.10.2019 күні Абай атындағы драма театрында \” Голливудтық стилде студенттер құрамына қабылдау\” кеші өтті. 1курс студенттері өз мамандықтарын ашатын фильмнен үзінді көрсетті. ТОР -12 тобы өз мамандықтарын \”Форсаж\” киносы желісімен таныстырып, жақсы өнер көрсеткені үшін \”PANDORA\” квестінің сертификатын жеңіп алды. \”Голливудтың үздік жұптары\” таңдалды. Таңдалған жұптарға \”Томирис\” фильміне 4 билет сыйға берілді. Жаңадан қабылданған студенттерге студенттік билеттер тапсырылып, мерекелік би кешімен аяқталды.
