Болашақ - бүгіннен басталады
Колледж миссиясы: “Қазіргі әлемдегі жаңа Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қоса алатын, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман даярлау”

Innovative college — 2003 жылы құрылған бұрынғы заң және бизнес колледжі.
Колледж 10 мамандық бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 9 және 11 сыныптар базасында орта кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларын іске асырады. Оқу аяқталғаннан кейін бітірушіге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Бюджеттік және ақылы негізде оқыту қарастырылған. Гранттар мен стипендиялар бар. Оқуға жеңілдіктер, икемді төлем жүйесі ұсынылады.
Сондай-ақ, колледжде мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау және оқыту қарастырылған.
Жаңалықтар
“Қазіргі әлемдегі жаңа Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қоса алатын, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман даярлау”
Колледж миссиясы
Мамандықтар тізімі
“Innovative college” мекемесі 9-11 сынып түлектерін төмендегі мамандықтар бойынша тегін және ақылы негізде білім алуға шақырады!

Бағдарламалық қамтамасыз ету
Біліктілігі: web-дизайнер,
ПО құрастырушы
Қызмет орындары: IT-компаниялар, веб-әзірлеу компаниялары, халықаралық IT-аутсорсинг, банктер, сақтандыру компаниялары

Өрт қауіпсіздігі
Біліктілігі: Өрт қауіпсіздігі технигі
Қызмет орындары: өрт сөндіруші қызметі, төтенше жағдайлар министрлігі, өрт дабылдары мен сөндіру жүйелерін жобалау, Азаматтық қорғау органдары

Жол қозғалысын ұйымдастыру
Біліктілігі: Техник, жол инспекторы
Қызмет орындары: Жол қозғалысы басқармалары, полиция департаментінің жол полициясы бөлімі, жол инфрақұрылымын жобалау, автокөлік парктері

Әлеуметтік жұмыс
Біліктілігі: Әлеуметтік қызметкер
Қызмет орындары: Әлеуметтік қорғау басқармалары, Әлеуметтік зерттеу орталықтары, Қайырымдылық қорлары

Құқықтану
Біліктілігі: Заңгер
Қызмет орындары: Құқық қорғау саласы, Нотариус, Адвокаттық қызмет,
Сот жүйесі

Есеп және аудит
Біліктілігі: Бухгалтер
Қызмет орындары: Салық комитеттері, қаржы министрлігі, қаржылық кеңесші, банктер және қаржы ұйымдары
“Innovative college” мекемесіне оқуға түсуге қажетті құжаттар
- Білім алуға құжаттың түпнұсқасы(қосымшасымен);
- 3х4 көлеміндегі 4 дана фотосурет;
- 075-у нысанындағы медициналық анықтама флюорографиямен бірге, форма 063;
- Жеке басын куәландыратын құжат(тұлғаны салыстыру үшін).